Прокуратура кәсіпорында бірқатар заңбұзушылық болғанын мәлімдеді
Петропавл қаласындағы «СевКазЭнерго» екінші жылу электр орталығына прокуратурамен тексеріс жүргізу нәтижесінде ҚР СИМ ТРМК СҚО департаменті белгіленген талаптарға сәйкес тексеруден өтпеген өлшеу құралдары қолданылып келгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық прокуратура хабарлауынша, кейбір өлшеу құралы 4 айдан астам уақыт бойы тексерумен қамтамасыз етілмеген. Олар жылу есептегіштер, дозатор, термометр және т.б.
«Энергетикалық кәсіпорындардағы барлық технологиялық процестерді - энергияны өндіру, тасымалдау және есепке алу режимдерін бақылау үшін әртүрлі жұмыс принципінің құралдарын қолдана отырып, әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және тіркеу қажет екенін атап өтеміз. Өлшем құралдарын тексерусіз қолдану «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңын бұзу болып саналады», - делінген хабарламада.
Осы заңбұзушылық үшін 1 600 АЕК – 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Петропавл қаласы прокуратурасының за бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды.
«Қысқартылған өндіріс тәртібінде заңбұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты кәсіпорын 50% - 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі», - делінген хабарламада.