Бұрқасын, үсік, көктайғақ: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірқатар аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 18 сәуірде күн райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласындакүннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с күшеюі ықтимал.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұманды болады. күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді.

Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 23 м/с артуы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда 3 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы 3-8 жылы. Өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 1-6 үсік болады.

Алматы қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с құрайды. Түнде 1-3 градус үсік жүріде, күндіз температура 6-8 градусқа көтеріледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Таулы аудандарда тұманды болады. Желдің екпіні 17-22 м/с құрайды, Алакөл көлдері аудандарында жылдамдығы кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады. Түнде солтүстікте, таулы аймақтарда 3 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы 4-9 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градусқа дейін күрт төмендейді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік болжанады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігі мен орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Желдің екпіні 25 м/с артуы ықтимал.