Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды
Алматы облысының прокуратурасы Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» көлік базары орналасқан жер телімінің сатып алу-сату шарттарына қатысты істің сотта қаралғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды.
Сотта Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімдерін сатып алу-сату үлгісіндегі шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандыру туралы шешімі («Барыс» автонарығы) жария етілді.
Азаматтық іс бойынша төрағалық етуші судья - А. Б. Ахметова
Талапкердің өкілдері - Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокурорлары М. Исаев және Д. Райымқұлов.