Бүгін екінші ауысым оқушылары сабаққа онлайн қатысады
Бүгін Астанада ауа райына байланысты екінші ауысым оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабардар етті.
«17 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.