ҰҚК жалпы құны 11 миллион теңге тұратын контрабандалық темекіні тәркіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Контрабандалық өнім  «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде анықталды

ҰҚК жалпы құны 11 миллион теңге тұратын контрабандалық темекіні тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023 жылғы 13 сәуірде Қостанай облысында «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының азаматы басқарған «Газель» автомашинасын тексеру кезінде жалпы сомасы 11 128 000 теңге тұратын контрабандалық жүк - 17120 қорап темекі табылды», - деп көрсетті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Бұған дейін қостанайлық шекарашылар жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын темекі өнімдерін әкетудің төрт фактісінің жолын кескен болатын.

ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық Экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.