Қазгидрометтің болжамынша Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарындағы өзендерде су көтеріледі
Синоптиктер 3 облыста су деңгейі көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2023 жылғы 15-17 сәуір аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Су деңгейге көтерілуі мүмкін өзендер.
Түркістан облысы:
- Устье – Келес ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 294 см, қауіпті деңгей – 500 см);
- Қараспан а. – Бадам ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 186 см, қауіпті деңгей – 431 см);
- Екпінді а. – Бөген ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 236 см, қауіпті деңгей – 560 см);
- Қантағы а. – Қарашық ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 192 см, қауіпті деңгей – 350 см);
- Боралдай а. – Боралдай ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 209 см, қауіпті деңгей – 380 см);
- Жарықбас а. – Қатты бөген ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 260 см, қауіпті деңгей – 536 см);
- Ақбет өзенінің сағасынан 3.3 км төмен – Шаян ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 118 см, қауіпті деңгей – 260 см);
- Арыс т.ж. ст. – Арыс ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 310 см, қауіпті деңгей – 849 см).
Алматы облысы:
- Фабричный а. – Ұзын Қарғалы ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 91 см, қауіпті деңгей – 240 см);
- Сарыторғай шатқалы – Шарын ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 122 см, қауіпті деңгей – 762 см);
- Талғар қ. – Талғар ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 274 см, қауіпті деңгей – 368 см).
Жетісу облысы:
- Плодоконсервный ұмсо. – Көктал ө. ГБ-і (14 сәуір сағ. 08-да – 107 см, қауіпті деңгей – 226 см).
«Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», - делінген Қазгидромет РК тартақан хабарламада.