Күдікті 11- сыныпта оқиды
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
«Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді адам өлтіруді тергеу бөлімінің бастығы Нұрым Агманов.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.