Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде
Қостанайдағы түзеу мекемесіне келушілердің бірі сотталушыға телефонды жасырын түрде өткізбек болды. Бұл туралы Қостанай облысының ҚАЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мекеме қызметкерлері тексеріс барысында косметикалық құтының ішінен тыйым салынған затты анықтады.
«Сотталған И.-ға жолданған сәлемдемені тексеру кезінде ішінде sim картасы бар Samsung маркалы ұялы телефон табылды, ол қырынуға арналған көбіктің құтысының ішінен шықты», - делінген хабарламада.
Аталған факт тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды тасымалдауға әрекет жасалған болатын. Зат жасыл түсті, бөтелкеде жасырылған. Сараптама жүргізу кезінде заттың насвай екендігі анықталды.