Астанада мұнай-газ машинасын жасауды дамыту бойынша дәстүрлі форум өтті
Іс-шараны IMB Орталығы ірі мұнай-газ операторларының қолдауымен өткізді
Астанада Қазақстандағы мұнай-газ машина жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы дәстүрлі форум өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Форумды IMB Орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторлары – «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қолдауымен өткізді.
Форумның ресми бөлімінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары А. Көлгінов, ҚР Энергетика вице-министрі А. Хасенов, Қазақстан машина жасаушылары одағының Басқарма төрағасы М. Пішембаев алғысөз сөйледі.
Форум аясында ірі мұнай-газ операторлары басшылықтарының, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директоры Д. Рую, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» басқарушы директоры О. Лазар және «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары К. Сүйесінов, Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кен орындарының қызметі туралы баяндамалары тыңдалды.
Отандық және халықаралық өндірушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі талаптарға таныстыру мақсатында IMB Орталығының Бас директоры М. Кәрімов атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді.
Іс-шараға 250-ге жуық шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, қауымдастықтар мен даму институттарының және мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты
Форум IMB Орталығы қызметінің нәтижелері және алдағы жоспарлары туралы мүдделі тараптарды хабардар етуге бағытталған, форумға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.