Шымкентте әйел адам танысын тақырға отырғызып кетті

Azattyq Rýhy

ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді

Шымкентте әйел адам танысын тақырға отырғызып кетті
Фото ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны танысына мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып беремін деген желеумен алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz мәліметінше Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында алты айдан бері танысы қайтарымсыз грант алып беремін деп, алдын ала 4 млн теңгесін алып, алты ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталды.

Күдікті әйелдің жасы 31-де, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған. Қазіргі кезде күдікті кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.