Еуроодақ Ресейге қарсы 11 санкция пакетін әзірледі

Автор: Аягөз Құрмаш

Жаңа санкциялар пакеті шектеу шараларын айналып өту әрекеттерімен күресуге бағытталады

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы тағы 11 санкция пакетін әзірледі. Бұл туралы CNBC-ге берген сұхбатында қаржы қызметтері, қаржылық тұрақтылық және капитал нарықтары жөніндегі еуропалық комиссар Мейрид Макгиннес мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еуропа 10 санкция пакетін енгізді. Тағы біреуі енгізіледі», - деді Макгиннес.

Оның айтуынша, 11 санкция пакеті дайын және ол ең алдымен шектеу шараларын айналып өту әрекеттерімен күресуге бағытталады.

«Олардың біздің санкцияларымызды айналып өтуге мүмкіндіктері болмайтынына көз жеткізу керек», - деді еурокомиссар.

Мейрид Макгиннес

Макгиннес санкциялар Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесетін басқа елдердің жеке және заңды тұлғаларына әсер ететінін хабарлады.

Ресейге қарсы 10 санкция пакетінен және 1500-ден астам адам мен ұйымдардың активтерін тоқтатқаннан кейін санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес ЕО үшін басымдыққа айналды.