Қарағанды облысына ірі қарадан құтырма ауруы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Індет анықталған шаруа қожалық карантинге жабылды

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Індет анықталған шаруа қожалық карантинге жабылды.

«Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық аумағында ірі қараның арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Нөгербековтің шешімінде.

Аталған шешім кеше, яғни 12 сәуірде күшіне енді.