Елімізде коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 60-тан астам адамның КВИ инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус, 3 адамнан КВИ белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 696 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 186 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 186 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.