Тек кей өңірде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін
Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым алқабында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек ҚР батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, Батыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ болуы мүмкін.
Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты, желсіз және жылы ауа райы болады. Ауа температурасы 16-18 градус болады. Түнде термометр нөл градусқа дейін төмендейді.
Алматыда да желсіз, жылы ауа райы болады. Ауа температурасы 21-23 градус жылы, жауын-шашынсыз болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ шамалы жел соғады. Ауа температурасы күндіз 29-31 градус жылы болады.