«Мәжілістен не үшін кетуім керек?»: Жигули Дайрабаев балаларын кінәсіз деп санайды

Azattyq Rýhy

Депутаттың ұлдары апелляциялық сотқа бермек 

«Мәжілістен не үшін кетуім керек?»: Жигули Дайрабаев балаларын кінәсіз деп санайды

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Мәжілістің жалпы отырысында балаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдымен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Балаларыма туындаған мәселе бойынша көбіңіз депутат, әріптес ретінде қолдау білдіріп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек? Ауыл тұрғындары мен шаруалар, «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек», - деді Дайрабаев. 

Ол шаруалардың мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады. 

Айта кетейік, Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты Тараз қалалық соты шешім шығарған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Ерлан Күлекеев және кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық (соңғы екеуі депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары) субсидиялау қағидаларын бұзып, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде шығын келтірген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.