АШМ шекарадан автомобильмен бидай кіргізуге неліктен тыйым салғанын түсіндірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл шектеу 6 айға созылады

Бұл туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі  Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Соңғы жылдары қазақстандық бидай нарығы, сүт импорты заңсыз әкетуден зардап шегуде. Әкелген бидай транзиттік тарифі төленбей, жасырын экспорт түрінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жолданады. Салалық қауымдастықтардың мәліметі бойынша, сүр импортының көлемі 1,5-2 млн тоннаны құрайды. Ал мемлекетке келетін зиян жылына 500 млн долларға бағаланып отыр», - деді ол.

Вице-министр атағандай, осылардың негізінде және бірқатар салалық одақтардың министрлікке түскен өтініштері бойынша жан-жақты қарастырылған.

«10 сәуірден бастап АШМ бұйрығымен мерзімі 6 айға дейін Қазақстанға автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды. Қабылданған іс-шараның нәтижесінде отандық бағаны тұрақтандыру мен сыртқы елдерден келген тауарға салынатын салық негізінде оң нәтиже береді деп сенеміз. Шекаралық өңірлерде бұл шектеу қолданылады. Әсіресе, Павлодар облысы заңсыз импорт бойынша көш бастап отыр», - деді Тасжүреков.