Ауруды 48 жастағы науқас әйел жұқтырған
Молдова тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырды. Бұл елдегі алғашқы жағдай деп хабарлайды РИА Новости.
"Молдованың Денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде алғаш рет коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін хабарлайды. Вирус Италиядан оралған 48 жастағы әйелден табылды", - делінген министрліктің ресми сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, әйел қазір ауруханаға карантинге жабылған. Ол қант диабетімен және гипеортониямен ауырады екен.