Сот отырысы ашық өтетіні де нақтыланады
Астана қаласындағы «Байқоңыр» ауданының №2 сотының өндірісіне бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен А. Мұхамедиұлы, А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасовтың қылмыстық ісі келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотына сілтеме жасап.
«Аталған қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқысы 2023 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-ге тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сот отырысы ашық өтетіні де нақтыланады.
Айта кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.