Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасты
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні сағат 21.14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 10,2.
MPV магнитудасы - 4.5.
Тереңдігі – 5 км.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алма-Арасан шатқалында (Қазақстан) 2 балл қуатымен сезілді.