Былтыр отандық авиакомпаниялар 11 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған
2025 жылға дейін Қазақстаннан Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, былтыр отандық авиакомпаниялар 11 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған. Осылайша, пандемияға дейінгі көрсеткіш қайталанды. Логистика саласын серпілту, өзге бағыттарда да күшейеді. Қазір 8 мың шақырым жол салынып жатыр. Сондай-ақ отандық зауыттарда, вагон мен локомотив өндірісі басталды. Кездесуде кен орындарына жүргізілген тексеріс те айтылды.
Министрдің айтуынша, қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден аса келісімшарт пен лицензия заңбұзушылыққа байланысты қайтарып алынды.
«Өнеркәсіп салсында 800-ден астам қазіргі уақыттағы инвестициялық жобаларды талқыладық. Одан басқа, көлік саласына тоқталатын болсақ, мына көлік-логистикалық транзиттің әлеуетін арттыру мәселесі талқыланды. Оның ішінде Транскаспий көлік дәлізі жеке баяндалды. Оған қоса құрылыс саласындағы жаңа тәсілдер туралы баяндама жасадым. Кездесу қортындысы бойынша, мемлекет басшысы әрбір сала бойынша нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта сол тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындайтын боламыз», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.