Алдағы күндері елімізде аяз болып, жаңбыр соңы қарға ұласады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК мамандары 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Метеоқызмет мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді: 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кейде қатты жаңбыр жауады.

«7 сәуірде Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонына байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін», - дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін төмендейді.