Бүгін республика бойынша желдің екпіні күшеюі ықтимал

Автор: Azattyq Rýhy

Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде әлі де антициклонның әсері сақталады, ауа–райы ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Казгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарында қатты жауын күтіледі. Республика бойынша желдің екпіні күшеюі ықтимал.

Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетсіу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.