Нидерландыда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады – қаза тапқандар бар

Автор: Azattyq Rýhy

Апат салдарынан 30 адам жарақат алған

© AP Photo

Нидерландыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, кем дегенде бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters хабарлауынша, тағы 30 адам жарақат алған, олардың ішінде ауыр жарақат алғандар да бар.

Пойыз апаты 4 сәуірде таңертең Оңтүстік Голландия провинциясында болған. Лейденнен Гаагаға бара жатқан пойызда барлығы 50 жолаушы отырған.

«Пойыздың алдыңғы вагоны рельстен шығып, сыртқа қарай құлаған, екінші вагон бір бүйіріне аударылып кеткен. Сонымен қатар пойыздың соңғы вагонында өрт шыққанымен, ол тез сөндірілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, пойыз жүк пойызымен соқтығысуы мүмкін. Тағы бір болжамда пойыздың рельсте тұрған құрылыс кранына соғылғаны айтылады. Бұл екі нұсқа да әлі расталған жоқ.