$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраулық әйел 15 жыл бойы сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген

Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталды

Атыраулық әйел 15 жыл бойы сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген

57 жастағы Атырау қаласынының тұрғыны өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Алайда ол осы уақытқа дейін автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған автокөлікті әйел соңғы бес жыл бойы іздеген. 2022 жылы ол Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болды.

«Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды. Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен. Атыраулық тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс айтты», - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары