Жер сілкінісі қаладан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықта тіркелген
Алматыдан Қытайға қарай 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуірде сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеген.
Еске алайық, 2 сәуірде Алматы тұрғындары 2 балдық жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.