Бұл лауазымға Асқар Баймерденұлы Әмірханов ие болды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып Асқар Баймерденұлы Әмірханов тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ал бұған дейін ҰҚК Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Мемлекет басшысының бұйрығымен лауазымынан босатылды.