Серік Күдебаев ресми бекеттер арқылы Қазақстан шекарасынан өткен жоқ – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады

Фото ашық дереккөзден

Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өтпеген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпеген. Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.