03.04.2023, 08:50
Жаңалықтар
Доллар біршама қымбаттады: 3 сәуірдегі валюта бағамы қандай
Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: Global Look Press
Қазақстанның Ұлттық банкі 3 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Доллар бағамы 3,44 теңгеге көтеріліп, 451,71 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен аптаның соңына қарай америкалық валюта бағамы 448,05 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,86 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 451,71 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 491,64 (еуро)
- RUB / KZT – 5,86 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,55 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 65,7 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,17 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,96 (өзбек сомы).
Көп оқылған
31.05.2026, 06:23
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
31.05.2026, 10:40
Павлодарда жол апаты болып, 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды
31.05.2026, 07:27
Қазақстанда 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
31.05.2026, 09:03
Президент: Елдің болашағы – ынтымақ пен тұрақтылықта
31.05.2026, 10:01
Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды