Бибісара Асаубаева Үндістан турнирдің үшінші кезеңінде көш бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Отандасымыз бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Айта кетейік, Бибісара Асаубаеваның қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы. Тең ойыннан кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш басына шықты.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орынға 3,5 ұпаймен ресейлік Александра Горячкина жайғасқан.