$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар аймақта үсік болады

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ертең, 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болатынын хабарлады. Синоптиктер тағы бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Алматыда 1-3 градус үсік болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл сақталады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.

Серіктес жаңалықтары