$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған «Қазпошта» жүргізушісі ұсталды

Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған «Қазпошта» жүргізушісі ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.

Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүк көліктің «Қазпошта» мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.

Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды.

Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары