Отандасымыз әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитоваға қарсы ойнады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитоваға қарсы ойнады.
Бұған дейін Рыбакина мен Квитова екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен болатын.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). Бір сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Е.Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді.
Екінші сетте П.Квитова брейкпен алға шықты – 2:0. Ойын соңында ол тағы бір брейк жасады – 6:2.
Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалында қарсыласына есе жіберді.