Жарылыстың себебі анықталып жатыр
Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52 уақытында Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда», - делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.