Министрлік: Зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлік тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қа0йта есептеу арқылы 30-50% - ға арттыру туралы шындыққа жанаспайтын және интернет-алаяқтық белгілері бар ақпарат таратылды.

«Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз», - делінген хабарламада.