$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бәлкім, қателескен шығармын»: Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты

Бизнесмен мемелкетке келген шығынды қайтаруға дайын екенін мәлімдеді

«Бәлкім, қателескен шығармын»: Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты
Фото: «Халық үні»

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кәсіпкер сотта Президенттің сөзінен үзінді келтіріп, соттың әділ үкім шығаратынына сенетінін айтты.

«Өкінішке қарай, бұл істе прокурорлардың өз қателігін мойындауға батылы жетпеді, бірақ құрметті сот, сіздің сол қателіктерді түзетіп, әділдікті, заң үстемдігін қалпына келтіруге батылдығыңыз бен ерік-жігеріңіз жетеді деп үміттенемін. Егер адам өз қателігін мойындай алса, азат бола түседі екен. Мен кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін оқыдым, ол «Әрбір азамат өз құқығын қорғауда сенімді болуы маңызды, соттардың әділдігіне күмәнданбауы керек» деп адам құқықтарын қорғау мәселесін көтерді», - деп тоқталды Қайрат Боранбав.  

Кәсіпкер өз ісінің таза коммерциялық сипатта болғанын айтып, «АзияГазШонжы» мен Qazaq Gaz арасындағы келісімді коммерциялық және заңды деп санағанын мәлімдеді.

«Бәлкім, мен қателескен шығармын. Сондықтан егер Qazaq Gaz атынан мемлекетке бұл транзакция шынымен зиян келтірді деп есептелсе, онда мен тергеу барысында алған кірісімді қайтаруға дайынмын. Бүгінде ешқандай шығын жоқ, ол толық өтелді», - деді ол.

Еске салайық, Қайрат Боранбаев 2022 жылы 17 наурызда квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірнеше күн бұрын прокурор сотта кәсіпкерді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары