Үйім жоқ, бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын – Нұрлан имам

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 7 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы әке

Заманауи бағытта уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Caravan.kz мәліметіне жүгінсек, имамға үй ұсынғандар да болған көрінеді.

Нұрлан Байжігітұлы - көпбалалы әке. Бүгінгі таңда 7 баланы тәрбиелеп отыр. Журналистің бала-шағаны қалай асырап жатырсыз деген сауалына имам былай деп жауап берді.

«Ел бар, халық бар. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі, оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның бірі болғым келмейді»,-  деп жауап берді имам Нұрлан Байжігітұлы.

Тегтер: