19 млн теңгеге сатылымға шыққан жедел жәрдем көлігі кімге тиесілі

Автор: Аягөз Құрмаш

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы көлікке қатысты түсінік берді

Kolesa.kz сайтына жедел жәрдем көлігін сату туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«LADA Largus А санаттындағы медициналық жедел жәрдем көлігі 2022 жылы халыққа жедел медициналық көмек көрсету мақсатында шығарылған. Автомобиль қалалық жолда да, науқастарды қала арасында тасымалдауға да арналған. Бір жылдық кепілдігі бар. Мемлекеттік тілде жазылған «Медициналық жедел жәрдем» деген жазуы бар», - делінген хабарландыруда.

Бұл көліктер кімге тиесілі екенін білу мақсатында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына хабарластық.

«Суреттегі көліктерді сатылымға қойған жеке компания екені анықталды. Аталған хабарландырудағы машиналардың Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдейміз», - деп жауап берді басқармадағылар.