Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелімен және оның екінші күйеуімен бірге тұратын болды

Azattyq Rýhy

Сот ер адамның шағымын қанағаттандырды

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелімен және оның екінші күйеуімен бірге тұратын болды
Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағымданып, ортақ пәтерде бірге тұру құқығын қорғап қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбеде азаматтық істер бойынша сотта ерекше іс қаралды. Ер адам бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Ол өзінің бұрынғы сүйіктісімен ортақ пәтері бар екенін, алайда әйел қазір сол пәтерде басқа еркекпен бірге тұратынын және өзінің ол өзінің баспанасынан айырылып қалғанын түсіндіреді. Ол сот арқылы даулы пәтерге кіруге рұқсат беруді, оған бір бөлмені бекітіп беруді, дәлізді, дәретхананы және асүйді ортақ қолданыста қалдыруды талап етті», - деп жазады «Диапазон» басылымы.

Сотта әйел бұрынғы күйеуінің үйге келіп тұруына кедергі жасамағанын, тіпті оған қонақ бөлмесін беруге дайын екенін айтты. Сот ажырасқан талапкердің талап арызын әділетті түрде қарап, оған ауданы 15,7 шаршы метрді болатын қонақ бөлмені, әйелге ауданы 13,2 шаршы метрді құрайтын бөлмені белгіледі.

«Бұрынғы ерлі-зайыптылар жуынатын бөлмені, дәретхананы, дәлізді және асүйді теңдей пайдалана алады», - деп шешті сот.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.