Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды

Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер: