30.03.2023, 23:13
Жаңалықтар
Оралда жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» соқтығысты
Жол апаты кезінде қоғамдық көлікте 8 жолаушы болған
Оралда жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Жол апаты сағат 15:00 шамасында С.Батов көшесі бойында орын алды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі жол ережесін бұзып, жолаушылар автобусына соқтығысқан.
Қоғамдық көлікте 8 жолаушы болған. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, ал зардап шеккен жолаушылар көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне босатылды.
КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды