100 мыңнан астам алматылық көлік салығын әлі төлемеген
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, 105 мың тұрғынның 1,5 млрд теңгеден астам көлік салығын төлемегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық МКД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 сәуірде меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалардан 2022 жылға арналған көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.
«Алматы қаласы бойынша 441 221 жеке тұлғаның меншік құқығында 709 944 көлік құралы бар, олар бойынша 2022 жылға 16,6 млрд теңге салық есептелген. 2021 жылмен салыстырғанда көлік құралдарының саны 108 124 автомобильге немесе тиісінше 18%-ға, салық базасы 2,2 млрд теңгеге өсті», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, салық төлеу мерзімі өткеннен кейін көлік салығын төлемеген адамдарға мынадай шаралар қолданылатынын білу маңызды:
«Жоғарыда аталған шараларды болдырмау үшін төлем мерзімі аяқталғанға дейін жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықты төлеуге шақырамыз. Салық сомасын «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында (www.kgd.kz) дербес есептеуге болады , толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша біле аласыз», - делінген хабарламада.