Бүгін еліміздің басым бөлігінде аздаған жауын-шашын жауады
Солтүстік және орталық аймақтарда күн ашық әрі салқын болады
Синоптиктер 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның солтүстік, орталық аймақтарында суық антициклонның әсерінен салқын және жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болып, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.
Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3-5 аяз, күндіз +1+3°С жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +16+18°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 8-13м/с жел соғады, күн күркірейді, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.