Бұл туралы Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды
Иманбек алтын платина дискін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстандық жалғыз Грэмми иегері, солтүстікқазақстандық қарапайым жігіт Иманбек Зейкенов Asar Nauryz акциясына қатысып, қорымызға алтын дискін сыйға тартты», - делінген жазбада.
Қасиетті рамазан айында аталған қор еліміздің әр өңіріндегі қиын жағдайға тап болған 100 отбасын баспанамен қамту жобасын қолға алған.
«Asar-Ume қоры 100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Бұл қайырымдылық шарасына бәріңізді үлес қосуға шақырамын. Сіз бен біздің арқамызда 500 бала өз үйінде тұратын болады», - деді Иманбек.