Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық Кодестің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
29 наурыз күні Ақтөбе-Астрахань автожолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Байғанин ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Айсин.