Ал Роза Рымбаева жақында немересінің бесік тойын жасаған болатын
Жақында ұлды болған әнші Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға су жаңа көлік тарту етті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етіп, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қуанышты сәтімді сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым. Көп нәрсе жазғым келеді. Бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім. Рахмет саған, менің қолдаушым, қорғаным, Әли», — деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Балапан өсе берсін, сіздер бақытты болыңыздар!», «Қандай керемет», «Махаббаттарың мәңгілік болсын!», «Құтты болсын», «Ұлыңыздың бауы берік болсын», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Роза Рымбаева жақында немересінің бесік тойын жасаған болатын.