29.03.2023, 12:11
Жаңалықтар
Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды
ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
29 наурыз сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды