$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннің бәрі салық төлеп жүр»: Мұқаев өз кәсібіне қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, ол салық төлеуге қатысты арнайы заң қабылдауға қатысты пікірін айтты

«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннің бәрі салық төлеп жүр»: Мұқаев өз кәсібіне қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оның барлығында ашықтық болуы керек. Салыққа қатысты кейбір ақпарат желісінде мені салық төлемеген деп те көрсетіп жатыр. Ол жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бірнеше бағыт-бағдар бар. Жеке кәсіпкер ретінде, ЖШС ретінде тіркелгендердің барлығы салық төлеп жатыр. Жалпы мемлекеттік бюджетке түсім әкелетін ашық салық саясаты. Бізде 17 трлн теңге бір жылдық бюджет болса, 20 трлн шығын болып отыр. Яғни, бюджетте тапшылық байқалады», - деді ол.

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеген болатын.

Серіктес жаңалықтары