Ақтөбе облысында 500 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Әсіресе Әйтеке би, Байғанин және Шалқар аудандарындағы жер пайдаланылмай, бос тұрыпты
Ақтөбе облысында пайдаланылмай тұрған 500 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Хабар 24» телеарнасының мәліметіне сүйенсек, мемлекетке қайтарылған 500 мың гектар жердің жартысын иелері өз еркімен, ал қалғаны мәжбүрлеп тәркіленді.
Ақтөбе облысының әсіресе Әйтеке би, Байғанин және Шалқар аудандарындағы жер пайдаланылмай, бос тұрыпты.
«2023 жылы департамент 28 мың гектарға 47 тексеру жүргізді. Оның ішінде 41 субъектіде 23 мың гектар бойынша бұзушылықтар анықталды. Оларды жою үшін бір жылға ұйғарым берілді. Егер бұзушылықтар жойылмаса, тиісті жаза қолданылады және тәркілеу мәселесі қаралады», - деді Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Аманқұлов.
Айта кетейік, кеше Алматының орталығындағы құны 6 миллиард теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылғаны хабарланған болатын.