Өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қаатң сақтауды ескертті
Алматыда Медеу ауданы аумағында 0,7 га алаңда таудың баурайындағы қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Жедел қабылданған шаралардың арқасында жану жойылды және өрттің одан әрі таудың баурайына таралуына жол берілмеді. Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөптер мен сабандарды жағудан бас тартуды сұраймыз. Кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке, ал зардаптары ауыр болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - делінген министрліктің хабарламасында.
Жануды жоюға жеке құрамның 18 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.