Олар екі апта бойы хабар-ошарсыз кеткен
Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды. Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.
«Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған. Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді», - деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.